ДСМ: Коронавирус жұқтырған 1325 адамның жағдайы ауыр

668

Соңғы күндері елімізде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, сауыққандар санынан жұқтырғандар саны көп тіркеліп жүр. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус анықталған. Ал жазылып шыққандар саны – 2802 адам.

ДСМ: Коронавирус жұқтырған 1325 адамның жағдайы ауыр

Елде індет кіргелі бұл ауруға 522 638 адам шалдығыпты. Олардың 444 239-ы емделіп, сауығып шыққан.

ДСМ-ның коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы бүгінгі ақпаратына сүйенсек, қазір 75 005 адам коронавирус инфекциясынан (73 091 КВИ+ және 1 914 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 21 681 пациент стационарда, 53 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 325 адамның жағдайы ауыр, 287 пациенттің жағдайы өте ауыр, 175 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу