ДСМ: Коронавирус жұқтырған 45 пациенттің жағдайы өте ауыр

946

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы ақпараты.

ДСМ: Коронавирус жұқтырған 45 пациенттің жағдайы өте ауыр

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 070 адам короновирус инфекциясынан (9 920 КВИ+ және 12 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 072 пациент стационарда, 16 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 257 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомствоның бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікет тағы 720 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. Осылайша елде індет тіркелгелі бері 153925 адам вирус жұқтырған. Олардың бүгінде 141731-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу