ДСМ: Коронавирусқа шалдыққандар арасында 242 адамның жағдайы ауыр

763

Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.  

ДСМ: Коронавирусқа шалдыққандар арасында 242 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте тағы 699 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы inbusiness.kz шұғыл штабтың дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Өңірлер арасында ең көп жағдай Алматы қаласында тіркеліп отыр, мегаполисте кеше 101 адамнан індет анықталған. Одан кейінгі орында Павлодар облысы тұр, өңірде 96 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ақмола облысында да жұқтырғандар саны көп – 73 адам.

Өзге де аймақтарға келсек, Нұр-Сұлтан қаласында – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 52, Қостанай облысында – 67, Қарағанды облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 38, Батыс Қазақстан облысында – 39, Алматы облысында – 37, Атырау облысында 24 адамға коронавирус жұққан.

Жұқтырғандар саны салыстырмалы түрде алғанда азырақ өңірлер: Шымкент қаласы – 13, Ақтөбе облысы – 13, Жамбыл облысы – 16, Қызылорда облысы – 12, Маңғыстау облысы – 3, Түркістан облысы – 3.

Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы анықталғалы бері індет жұқтырып тіркелгендер саны 208117-ге жетті. Олардың 191739-і жазылған.

ДСМ-нің коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты бүгінгі ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта короновирус инфекциясынан 21 285 адам емделуде, олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 242 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу