ДСМ: Коронавирустан 20 387 адам емделуде

776

ДСМ-нің 2021 жылдың 24 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: Коронавирустан 20 387 адам емделуде

Қазіргі уақытта короновирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) елімізде 20 387 адам емделуде. Бұл туралы inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда екен.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 236 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 753 адам қосылды. Осылайша елде індет тіркелгелі бері COVID-19-ды жұқтырғандар саны 209562-ге жетті. Олардың 193679-ы жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу