ДСМ: Коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауда

546

Денсаулық сақтау министрлігінің 20.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: Коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауда

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 220 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 791 адамнан вирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елде COVID-19 тіркелгелі 123888 адамға жұққан. Олардың 111483-і жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу