"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 119 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 140 адамда індет расталғанын хабарлады. Осылайша елімізде жалпы 110542 адам дерт жұқтырып алды. Оның 105675-і жазылып шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу