ДСМ маймыл шешегі ауруын анықтау бойынша хаттама дайындап жатыр

688

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 89 елде маймыл шешегінің 25 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

ДСМ маймыл шешегі ауруын анықтау бойынша хаттама дайындап жатыр

Қазақстанда маймыл шешегі ауруын анықтау мен емдеу бойынша хаттама әзірленіп жатыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда ДДҰ-дан келген әр ақпарат қаралады. Аталған ұйым вакцинация жүргізу керек еместігін айтты. Нұсқау болса, оны орындауға тырысамыз. Өзіміз де ауруға мониторинг жүргізіп жатырмыз, ұқсас белгілері бар аурулар болса, диагноз қою үшін тексереміз, сондай-ақ қызметкерлерімізді оқытып, дайындап жатырмыз. Осы ауруды емдеуде дәрігерлерге нұсқау болатын хаттама әзірлеп жатырмыз. Мамандарымыз осы ДДҰ-ның өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатыр", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу