ДСМ өкілі қазақстандықтарға үйіне жақын емханаларға тіркелуге кеңес берді

652

15 қыркүйектен 15 қазанға дейін емханаларға тіркелу науқаны жүреді.

ДСМ өкілі қазақстандықтарға үйіне жақын емханаларға тіркелуге кеңес берді

Пандемия кезінде медициналық көмек неғұрлым жылдам көрсетілсін десеңіз, үйіңізге жақын емханаға тіркеліңіз. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазақстандықтарға осындай кеңес берді.

"Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Ол 2 айға созылады. Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне енудің алтын қақпасы екенін білесіздер.Сондықтан алдағы 2 айда азаматтарымыз өздерінің тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше тұрғылықты орынға жақын жерден таңдау жасауға кеңес береміз. Неге десеңіз, емханаға тіркелген науқастарды медицина мамандары үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады.  Әсіресе бұл тәжірибе қазіргідей пандемия жағдайында аса маңызды", – деді Бағдат Қожахметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу