ДСМ төтенше жағдай режимінің қайталануын жоққа шығармайды

719

Алексей Цой төтенше жағдай режимі қандай жағдайда қайта енгізілетінін атады.

ДСМ төтенше жағдай режимінің қайталануын жоққа шығармайды

Елдегі эпидемиологиялық жағдай ушықса, төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін. Алексей Цой көптің көкейінде жүрген сауалған осылай деп жауап берді.

"Бәрі эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Егер жағдай талап етсе, төтенше жағдай енгізіледі. Бірақ біз қазіргі тұрақтылықты өзіміздің қызметтердің көмегімен, азаматтардың халықты індеттен қорғауға ымырашылдықпен қатысуы арқасында сақтап қалуға үміттіміз. Бәріміз жаппай маска киіп, арақашықтық шектеп, бұқаралық шаралар ұйымдастырмай, талаптарды сақтасақ, карантинсіз де шығуға үлкен мүмкіндік бар. Ал азамататрымыз саналы түрде маска кимесе, ұйымдар рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істесе, адамдардың жаппай жиналуы тыйылмаса, өкінішке қарай, инфекция адамнан адамға жұғады. Мұндай жағдайда карантин шаралары күшейтіліп, тіпті, қатаң шараларға дейін жетуі мүмкін", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу