ДСМ: Трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілді

662

Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.  

ДСМ: Трамадол есірткі заттарының тізіміне енгізілді Фото: ikaluga.com

Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі құралдарының тізіміне енгізді. Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үкімет "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы" №470 қаулыға өзгеріс енгізді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Бұған дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде психотроптық преапарттар тізімі өзгергенін жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу