ДСМ: Тұмау желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін

355

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады.  

ДСМ: Тұмау желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін Фото: gov.kz

Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Эпидемиологиялық маусым басынан ЖРВИ-дің 1461 мың жағдайы тіркелді, 2024 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 20%-ға төмендегені байқалады. Басым бөлігі – 66 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп жатыр. Соңғы аптада республикада вирустық инфекциялардың 183 мың жағдайы тіркеліп, өткен эпидемиологиялық маусымның осындай аптасымен салыстырғанда аурушаңдық 16 пайыз артып отыр, – деді ол.

Министрдің сөзінше, биыл аталған вирустардың таралуы жылдағыдан ерте байқалып отыр.

– Эпидмаусым басталғалы бері тұмаудың А типінің (H3N2 - Қазақстанда 2001 жылдан бері Гонконг тұмауы деп аталады), зертханалық расталған 587 жағдайы, оның ішінде А (H1N1) типінің 3 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 43-ші, 51-ші апталарда, жаңа жылға таман өсу байқалса, биыл ерте анықталып, 41 аптада басталды, яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келіп отыр. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін, – деді Ақмарал Әлназарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу