ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығының директоры ұсталды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығының директоры Павлодар облысында "Дихлорметан" химиялық дәрі-дәрмегін сатып алуға бағаны жөнсіз көтеру арқылы 15 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен.
"Аталған дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұрып және мердігер ұйыммен сөз байласып, соңғыға мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңісті қамтамасыз еткен. Одан кейін көрінеу көтерілген баға бойынша дәрі-дәрмектің жеткізіліміне келісімшартқа отырған. Содан кейін атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, оларға толық көлемде ақша қаражатын төлеуді қамтамасыз еткен. Тергеу жүргізілуде", - деді ресми өкіл.