ДСМ "үндістандық" штамның болу ықтималдылығын анықтады

1078

Нұр-Сұлтанда коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі күрт өскен.

ДСМ "үндістандық" штамның болу ықтималдылығын анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) СOVID-19 жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізген. Осылайша, "Дельта" штамына ("үндістандық" штамм) тән белгісі бар мутация жағдайы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, мутацияның болуын және оның "Дельта" штамына жататынын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

"Дельта" коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм бірден 5-6 адамға жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар СOVID-19 жұқтырғандар буын мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып, лоқсиды, салдарынан адам саңырау болып қалуы мүмкін.

Соңғы зерттеуге сәйкес, коронавирустың "үндістандық" штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты.

"Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцина екпесін алуға кеңес береді", –деп жазылған хабарламада.

20 маусымдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавинустың "Дельта штамы" әлемнің 174 елінде анықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу