"Білім және Ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшіру туралы шешім қабылдады. Қазір әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер осы мектептердің оқу жылына дайындығын тексеріп жатыр. Соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуі тексеріледі", - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында вице-мининстр.
Оның айтуынша, мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, мектепке келген балалардың ара қашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің бар болуын, мектепке кіре берістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 354 мектеп дайын емес екені белгілі болған. Тексерулер 25 тамызға дейін жүргізіледі.
Аян Бекенұлы