ДСМ: Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар

534

22.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

ДСМ: Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі мәліметінде.

Ал шұғыл штаб елімізде өткен тәулікте 123 адамның коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады. Осылайша індет жұқтырған 107374 адамның бүгінге дейін 102064-і сауығып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу