1 қаңтарда Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 33 370 шақыртуды қабылдады және қызмет көрсетті, бұл – орташа айналымнан 20%-ға жоғары.
Жеделдіктің бірінші санатындағы қоңыраулар (мысалы, кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар) 4% болды.
Жеделдіктің екінші санатындағы қоңыраулар – 23% немесе 23 575. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты және басқа да шақытулар жатады.
Шұғылдықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты.
Ал, ең көбі – төртінші санаттағы (созылмалы аурулардың асқынуы) қоңыраулар, олардың үлесі 45% болды.