Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведо мерзімінен бұрын өз қызметінен кетпек. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Азеведо ұйымды 2013 жылдан бері басқарады. Оның екінші мерзімі 2021 жылы аяқталауы тиіс еді. Агенттіктің пікірінше, бразилиялық дипломаттың отставкаға кетуі көптен бері шешілмей келе жатқан түйіткілдерге шырмалған ұйымдағы онсыз да қиын жағдайға кері әсер етпек. ДСҰ жұмысын жаңа коронавирус пандемиясы мен АҚШ-тың оның апелляциялық органын бұғаттап тастауы әбден титықтатып жіберді.
Енді бас директордың міндетін Азеведоның төрт орынбасарының бірі уақытша атқаруы мүмкін. Қазіргі таңда бұл позияцияда Йонов Фредерик (Нигерия), Карл Браунер (Германия), Алан Вульф (АҚШ) және И Сяочжунь (Қытай) қызмет етеді.
Табиғат Нұрболат
Фото: dw.com