ДСҰ: Бұл жолғы дағдарыстың салдары 2008 жылдағыдан да ауыр болады

1078

Ұйым басшысы Роберту Азеведу пандемия салдарына қатысты болжамын айтты.

 ДСҰ: Бұл жолғы дағдарыстың салдары 2008 жылдағыдан да ауыр болады

Оның сөзінше, құлдыраумен қатар жұмыс орындарының қысқаруы 2008 жылғы рецессиядан да көбірек болмақ. 

"Бұл пандемияның экономикаға тигізер залалы көп. Салдары 12 жыл бұрынғы дағдарыстан да жойқын болайын деп тұр", – деді Азеведу.

Ол әлем елдерін коронавируспен күресте бірлесе жұмыс істеп, экономиканың тұрақталуына атсалысуға шақырды. Бұған дейін Халықаралық валюта қоры да пандемия жаһандық рецессияға әкеліп соғатынын мәлім еткен болатын. 

Ескере кететін жайт, 26 наурызда G20 елдері көшбасшыларының саммиті видео конференция форматында өтетін болды. Жиында тараптар жаңа коронавирус пандемиясымен күрес жайын талқыламақ.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу