ДСҰ комитетін басқару Қазақстанға берілді

745

ДСҰ комитетін басқару Қазақстанға берілді

Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетін басқару Қазақстанға берілді. Бұл міндет Швейцариядағы Қазақстан елшісі Жанар Айтжановаға жүктелді.

Сыртқы істер министрлігінің  мәліметінше, бұл тағайындау ұйымға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген зор сенімін білдіреді. Жанар Айтжанова басшылық ететін құрам дамушы елдердің Азия аймақтық тобының, сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті деп аталады.

Айта кетейік,  Дүниежүзілік сауда ұйымының бұл комитеті 1995 жылы құрылып, содан бері халықаралық деңгейдегі сауда және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді талқылайтын алаңға айналып келеді. Осыған дейін, комитет төрағалығын Аргентина, Сингапур, Венгрия, Финляндия секілді елдердің өкілдері атқарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу