ДСҰ конференциясы нәтижесіз аяқталды

811

ДСҰ конференциясы нәтижесіз аяқталды

Ал Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясы нәтижесіз аяқталды. Бұл туралы қауымдастықтың бас директоры Роберту Азеведу мәлімдеген.

Халықаралық жиынның басты жетістігі ретінде балық аулау саласына бөлінетін көмекқаржы көлемін шектеуге қол жеткізілді. Күнтәртібінде электронды сауданы реттеу, инвестициялар тарту үдерісін жеңілдету, шағын және орта кәсіпорындарды қолдау және қызмет көрсетудің ішкі нарығын жүйелеу болған еді. Енді оңды шешімін таппаған бұл мәселелер Женевада өтетін үлкен саммитте қайта қаралмақ.

Роберту Азеведу, ДСҰ бас директоры:

"Кейбір салалар бойынша ғана келісімге келе алдық. Біраз мәселе сол беті шешілмей қалды. Дегенмен, көптеген елдер Дүниежүзілік сауда ұйымына былай өз қолдауларын білдіріп отыр. Өкінішке қарай, олардың қолдауы іс жүзінде көріне қоймады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу