ДСҰ коронавирус қаупі ең жоғары деңгейде деп жариялады

940

Жалпы алғанда, Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 49 елде 4 351-ге жетті, 67 адам қайтыс болды.  

ДСҰ коронавирус қаупі ең жоғары деңгейде деп жариялады

Twitter арқылы трансляция жасалған баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус ДДҰ Covid-2019 қаупінің бағалануын барынша жоғары деңгейге дейін көтергенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алайда ДДҰ өкілдерінің мәліметінше, жаһандық деңгейде коронавирус әлі пандемия емес, әзірге бұл әртүрлі елдердегі індет қана.

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Covid-2019 коронавирусың таралу жағдайы бойынша (28 ақпан 22:30-дағы жағдай бойынша) ақпарат таратты. Соңғы тәулікте тағы үш елде (Беларусь, Литва және Нидерланд) вирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаны туралы хабарланды. Еуропада ауру жұқтыру жағдайларының расталған саны – 1 123, одан көз жұмғандар – 23.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу