Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отыр. Басында осындай сынды АҚШ қана айтса, қазір ұйым жұмысына наразы тараптар қатары көбейді. Індет күн өткен сайын кең етек жайып барады. Зерттеу жұмыстарына қыруар қаражат бөлінгенмен, әзірге нәтиже шамалы. Ұйымның күнделікті есебі қаржы сұраумен аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу