ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізіледі

206

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән береді. 

ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізіледі Фото: matritca.kz

Сенат Мәжіліс қабылдаған Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2022 жылғы 12-17 маусым аралығында Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттама қабылдады.

"Бұл келісім теңіздегі балық аулауды және онымен байланысты теңіз қызметін қамтитын алғашқы көпжақты сауда келісімі болып табылады. Келісімнің негізгі мақсаты – заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін балық аулауды, сондай-ақ қайта ауланатын қорларды субсидиялауға тыйым салуды жүзеге асыру. Келісімде қарастырылған 12 бап бар, онда балық аулау саласындағы негізгі ұғымдар, апаттар кезінде көмек көрсетуге арналған басқа да субсидиялардың түрлері, заңсыз балық аулауға күдіктену болғандықтан кемені уақытша ұстау туралы анықтау және хабарлау тәртібі, балық аулау субсидиялары жөніндегі комитеттің ережесі және тағы басқалары қарастырылған", - деді сенатор Закиржан Кузиев.

Келісімнің қабылдануы биологиялық ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, сондай-ақ олардың орнықты пайдаланылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу