ДСҰ өкілдерімен бірге сауда және инвестицияларды дамыту мәселелері талқыланды

1307

Әлемдік деңгейдегі сарапшылар Астана қаласында сауда және инвестицияны дамыту мәселелерін талқылады.

ДСҰ өкілдерімен бірге сауда және инвестицияларды дамыту мәселелері талқыланды

ҚР ұлттық экономика министрлігі "Инвестицияларды дамыту мақсатындағы жәрдемдесу саласындағы достар" ДСҰ тобымен әріптестікте "Еуразиялық көзқарас: Сауда және инвестицияларды дамыту мақсатындағы дамыту" жоғары деңгейдегі форумын ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылуына Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ДСҰ бас директоры Роберт Азеведо қатысты.

Форум жұмысына, сондай-ақ, алдыңғы екі күн бойы Қазақстан астанасында өткізілген ДСҰ-ға қосылу жөніндегі "дөңгелек үстелдің" спикерлері қатысты. Қатысушылар арасында 40-қа жуық ДСҰ-ға мүше және ДСҰ-ға бақылаушы елдердің (ТМД, Азия аймағы, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдері) министрлері мен делегация басшылары бар.

2022 жылға қарай Қазақстанға $118 млрд. тікелей шетел инвестициясы тартылмақ, оның $24,6 млрд-ын тиімділікке бағдарланған тікелей шетел инвестициясы құрайды.  

Бұдан бұрын айтылғандай, Астана қаласында 26-27 қыркүйекте түрлі елдер сарапшылары Дүнижүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі жетінші "дөңгелек үстелге" қатысқан болатын. Мұндай іс-шаралар барысында ДСҰ-ға қатысушылар жаңа мүшелердің сауда жүйесіне қосылуын талқылайды. Оның ішінде, қатысушылар қосылу үдерісінің зиянсыз әрі зор тиімділікпен өтуіне қатысты тәжірибелерімен бөліседі. Астанада мұндай кездесу алғаш рет өткізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу