Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артқанын мәлім етті.
Ұйымның дерегінше, 14 және 20 қыркүйек аралығында әлемде 1 998 897 науқас тіркеліп, оның 37 мыңға жуығы қайтыс болған. Бұл 7 және 13 қыркүйек аралығындағы көрсеткіштен 6%-ға көп. Бірақ дерттен қаза табу көрсеткіші 10%-ға төмендеп отыр.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялаған еді. Науқастар саны бойынша қазір АҚШ, Ресей, Бразилия, Үндістан елдері көш бастап тұр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу