Дубай қаласында (БАӘ) "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен DT World (Дубай) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар сыртқы сауда рәсімдерін ұйымдастыруда және оңтайландыруда және сауда қызметімен байланысты және өзара қызығушылықты қамтамасыз ететін басқа да мәселелер бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға келісті.
Сонымен қатар, DT World барлық мүдделі тараптарға жылдам және үнемді сауда жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қолдана отырып, сауданы жеңілдету бойынша шешімдер мен қызметтерге мамандандырылған.
"QazTrade ССДО" АҚ және DT World компаниясы Қазақстан Республикасының сауда саясатын тиімді дамытуға ықпал ететін берік ынтымақтастыққа бағытталған.