"Дубай EXPO-2020" көрмесі биыл өткізілмейтін болды. Халықаралық көрмелер бюросы оны 2021 жылға жылжытуға ұйғарған, деп хабарлайды Atameken Business.
Оған қатысушылардың өтініші себеп болып отыр. Қазір СOVID-19 бен мұнай бағасының құлдырауы көп мемлекеттің экономикалық ахуалын қиындатып жатыр. Қазақстан да осы қатарда. Әйтпесе, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі экспозиция бюджетін 9 млрд теңге деп есептеген. Бұл қаржы енді қысқартылуға тиіс. Толығырақ телеарна тілшісі Құралай Пионер баяндайды:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу