Дубай 40 мың виртуалды жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр

725

Жобаның мақсаты – 5 жыл ішінде блокчейн компанияларының санын 5 есе арттыру.

Дубай 40 мың виртуалды жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр

Дубай билігі "Дубайдың Метаәлемі" жобасын іске қоспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz

Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Жобаға сәйкес, бес жыл ішінде үкімет 40 000 виртуалды жұмыс орнын ашып, осылайша бюджетке 4 миллиард доллар көлемінде табыс әкелмек.

"Бүгін біз жаңа технологиялар саласындағы инновацияларды ынталандыруға бағытталған "Дубайдың Метаәлемі" стратегиясын іске қостық", – деп жазды әмірліктің ханзадасы шейх Хамдан бин Мохаммед Twitter-дегі парақшасында.

Жобаның мақсаты – 5 жыл ішінде блокчейн компанияларының санын 5 есе арттыру. Шейхтің айтуынша, бүгінде Дубайда метаәлем және блокчейн секторында 1000-нан астам компания жұмыс істейді. Олар ел экономикасына 500 миллион доллар көлемінде табыс әкеледі.

Стратегия контент жасаушылар мен сандық платформаларды пайдаланушыларды мета кеңістігінде оқыту арқылы дарынды адамдарды қолдауға және болашаққа инвестиция құюға ерекше назар аударылады. Қаладағы ірі компаниялар қазірдің өзінде метаәлемге біртіндеп қосылуда. 2022 жылдың сәуірінде Emirates Airline компаниясы NFT және метаәлемді құратынын мәлімдеген еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: outlookindia.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу