Дубайды су басқандықтан, Қазақстанға баратын рейстер кейінге шегерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Air Astana" әуекомпаниясының баспасөз қызметі нөсер жаңбыр салдарынан Дубайдағы аэродромды су басып кеткендіктен, 16 сәуірдегі KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 17 сәуірге ауыстырылғанын ескертті.
Әуекомпания жолаушыларды қонақүйге жеткізу және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Рейстерді сайтта тексеріп отыру ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу