Дубай әуежайында жолаушыларды енді жасанды интеллект тексереді

236

Мұнда әлемдегі тұңғыш жасанды интеллект дәлізі ашылды.  

Дубай әуежайында жолаушыларды енді жасанды интеллект тексереді Фото: Русские Эмираты

Дубай халықаралық әуежайында жолаушылар енді құжат көрсетпей және тоқтамай-ақ иммиграциялық бақылаудан өте алады. Себебі мұнда жасанды интеллект технологиясына негізделген әлемдегі тұңғыш бақылау дәлізі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, жаңа жүйе бақылау пунктіне жетпей тұрып-ақ жолаушылардың бет-әлпетін таниды. Дәліз арқылы бір уақытта 10 адамның деректері өңделеді. Бұл туралы Дубайдағы резидентура және шетелдіктер ісі жөніндегі бас басқарманың бас директоры, генерал-лейтенант Мұхаммед Ахмед әл-Марри хабарлады.

ЖИ-дәліз тексеру процесін жылдамдатып, әуежайдың өткізу қабілетін екі есеге арттырады деп күтілуде. Бұдан басқа жүйе күдік тудыратын төлқұжаттарды автоматты түрде сарапшыларға жібермек.

Дубай өткен жылы да халықаралық жолаушылар ағыны бойынша дүние жүзіндегі ең жүктемесі көп әуежай мәртебесін сақтап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу