Қазір тек ішкі жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы Қазақстанның 3 қабаттан тұратын алаңы 3,4 мың шаршы метрді қамтиды. Онда еліміздің көркем табиғатын, тарихын және мәдениетін көрсететін 4 көрме болады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамдары әзірленетін мейрамхана да жұмыс істемек.
2019 жылы құрылысқа 9 млрд теңге жұмсалатыны айтылған. Бірақ кейін Үкімет бұл соманы қысқартуды ұйғарды.
2020 жылдың басында павльонды Президент Қысым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, көріп қайтқан.
"Дубай ЭКСПО" көрмесі 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында өтуге тиіс еді. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мерзімі бір жылға шегерілді. Енді оның мерзімі биылғы 1 қазан мен 2022 жылдың наурызы аралығына белгіленген.