Дубайдан Мәскеуге бет алған ресейлік "Победа" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Каспий теңізінің үстінде апаттық жағдай туралы белгі берген, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Кейін ұшақ Астрахань әуежайына сәтті қонды. Содан соң ғана өрт дабылы қате іске қосылғаны белгілі болды.
Оқиғадан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу