Виртуалды қалаларда мета-әлем пайдаланушыларына дүкендерден тауарлар сатып алуға, жылжымайтын мүлікті жалға алуға, іс-шараларға қатысып, түрлі органдарда тіркелуге мүмкіндік ашылады.
Metaverse Holdings метәлемі арнайы VR-гарнитуралармен жабдықталған, сондықтан пайдаланушылар виртуалды қалаларда саяхаттау арқылы шынайы өмірдегідей тәжірибе жинай алады.
"Біз Біріккен Араб Әмірліктерін жаңа инновациялық тұжырымдамалар мен серпінді экономикалық және технологиялық модельдерді енгізу саласындағы көшбасшы деп санаймыз. Сондықтан біздің алғашқы қадамымыз осында жасалып отыр", – деді Metarverse Holdings бас директоры Привен Редди.
Metaverse Holdings мета-әлемі бета-режимде 2022 жылдың қазан айында іске қосылады, жыл соңына дейін платформаны ресми іске қосу жоспарлануда. Компанияның жобаға салған инвестициясы 200 млн дирхамды (шамамен $54,5 млн) құрайды.
Динара Мұрат
Фото: thefintechtimes.com