"Дубай" шоколадын сатамыз деп жұртты алдағандар ұсталды

402

Ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған.

"Дубай" шоколадын сатамыз деп жұртты алдағандар ұсталды Фото: flowwow

Астанада "Дубай" шоколадын сатамын деп, жұрттың ақшасын жинап алып, із-түссіз кеткендер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтар тәттіні нарықтағы бағадан арзанға ұсынып, әлеуметтік желі арқылы жарнамалаған. Полицияға арызданған азамат бір шоколадты 15 мың теңгеге сатып алмақшы болған.

Алайда, ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған. Құқық қорғау органы осы іс бойынша 2 адамды қолға түсірді.

Олар өз кінәсін мойындаған. Қазір өзге де жәбірленушілердің бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу