Көпфункциалы полицей робот Дубай көшелерінің тыныштығын сақтауға атсалыспақ. Бұл туралы Daily Mail ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып abctv.kz хабарлады.
Роботтың бойы 170 см. Ол адам мимикасы мен қимыл-қозғалысын оқи алады және бейнебақылау жүргізуге қабілетті.
Жергілікті тұрғындар оған құқық бұзушылықтар туралы арыз бере алады. Сондай-ақ, оның айыппұл қабылдау функциясы бар.
Қала билігі аталған робот түрлерінің 2030 жылға қарай қала полицейлерінің төрттен бірін алмастыратынын хабарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу