Дубайда әуе таксиі қолданысқа берілмек

346

Мұндай таксилерді қолданысқа берудің бірден-бір себебі елге туристерді көптеп тарту.

Дубайда әуе таксиі қолданысқа берілмек Фото: droider.ru

Жергілікті жол және көлік департаменті американдық электр ұшақтарын өндіретін компаниямен орнатқан келісімге сәйкес Дубайда әуе таксиі 2026 жылдың басында қызмет көрсете бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе таксиін іске қосу мақсатында Араб Әмірлігі “Joby Aviation” компаниясымен ынтымақтастық келісімге қол қойды. Компанияның негізін қалаушы Джобен Бевирттің айтуынша, Біріккен Араб Әмірлігінің билігі компанияны тиісті инфрақұрылыммен, нормативтік саясатпен және дұрыс сипаттамасы бар ұшақтармен қамтамасыз етті.

"Соңғы онжылдықта БАӘ қарқынды дамып келеді. Дубай қаласы да есігін әлемге айқара ашты. Бұл ел мен қаланың серпінді жұмыс істейтін өршіл адамдарды тартатынына көз жеткіздік. Мемлекет басындағы адамдардың венчурлік капиталды инвестициялауға және тартуға деген ұмтылысы – көптеген елге үлгі боларлық әрекет", – дейді компания басшысы Джобен Бевирт. 

Айта кетейік, әуе таксиінің максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу