Дубайда Қазақстан мен БАӘ іскери топтары бас қосқан инвестициялық бизнес-форум болып өтті, деп хабарлайды spiker.kz.
Ақпарат көзінің дерегінше, аталған шараны Қазақстан жағынан ҚР инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, ал БАӘ жағынан БАӘ сауда-өнеркәсіптік палаталар федерациясы, Дубай қаласы кәсіпкерлерінің палатасы ұйымдастырған.
Форумға екі елдің 100-ге жуық ірі және орта компанияларының өкілдері қатысқан.
Шара барысында B2B форматында кәсіпкерлер арасында әралуан салалар бойынша келіссөздер жүргізілді.
Айта кетейік, форум соңында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасалып, екі жақты байланыстардың перспективалары талқыланды.