Дубайда туризмді қолдау шаралары енгізілді

98

Туристер думанды Дубайдан аяқ тарта бастады.  

Дубайда туризмді қолдау шаралары енгізілді Фото: toursoyuz.by

Cебебі, қала тыныш болғанмен, елге кері қайту мұңға айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті билік енді турист тартудың амал шарғысын іздеп әлек. Әуелі салықтық жеңілдіктер жасала бастады. Айталық, туристік алым жүйесі уақытша тоқтатылды. Бұл шығынды мемлекет өз мойнына алды. Шарықтаған баға төмендеп, қызмет құны біршама арзандады.

Себебі, наурыз айында көптеген шағын бизнес уақытша жабылуға мәжбүр болды. Әсіресе туристік агенттер мен гидтер жұмысы тоқтады. Яғни саладағы жұмыс орындары қысқарды. Тек орташа және ірі кәсіп иелері қызметін қалыпты жалғастырып келеді.

Аймақтағы геосаяси жағдай тұрақталмайынша туризм саласының толық қалпына келуі екіталай.Түрлі деңгейдегі іс-шара ұйымдастырушылар осылай дейді. Олардың айтуынша, күзге дейін мұнда ешқандай форум, саммит не көрме өтпейді. Сол себепті әмірлік үкіметі бизнесті қолдау мақсатында 1 млрд дирхам бөлген. Бұл қаржы қонақүй, мейрамхана және басқа да туристік нысандардың бюджетке берешегі және алым-салығын өтеуге жұмсалмақ.

Бастама инвесторлардың үкіметке деген сенімін жоғалтпауға бағытталған. Өйткені, әмірлікте жалпы ішкі өнімінің шамамен бестен бір бөлігі туризмге байланған. Тек оның қанша уақытқа созылары белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу