Дубайда ұшатын таксилер пайдалануға беріледі

924

Дубайда ұшатын таксилер пайдалануға беріледі

Дубай үкіметі германиялық стартап Volocopter-мен 2017 жылдың соңында әуе таксилерін іске қосу туралы келісім жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Volocopter-дің негізін қалаушылардың бірі Александр Зосельдің айтуынша, Дубайдың жол және көлік агенттігі көптеген үміткерлердің арасынан сынақтан өткізгеннен кейін оның компаниясын таңдап алған. Сынақ мерзімі 5 жылға созылады. Volocopter 2X 160 килограмм жүкті тасымалдауға қауқарлы. Ол ең көп жүктемемен 27 шақырымға дейін сағатына 70 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Құрылғының максималды жылдамдығы - 100 км/с. Аэротакси қуаты 2 сағатқа дейін жететін электр батареясымен жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу