Дубайдағы авиашоуда үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ көрермендердің көз алдында құлаған.    

Дубайдағы авиашоуда үндістандық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады  Фото: thenorthlines.com

Бірақ, ірі авиациялық көрмелер мен шоуларда мұндай қайғылы жайттың болуы сирек құбылыс саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Дубайда өтіп жатқан авиашоуда Үндістанның HAL Tejas жойғыш ұшағы көрсетілімдік ұшу барысында апатқа түсті. Жерге құлаған ұшақтың маңында бірнеше секунд өтер-өтпестен қап-қара түтін көкке көтерілген. 

Associated Press хабарлауынша, оқиға халықаралық авиашоу аясында болған. Ұшақ құлағаннан соң әуежай төбесінде биік қара түтін байқалған. Қазіргі уақытта ұшқыштың шығып үлгерген-үлгермегені белгісіз. 

Дубай – әлемдегі ең ірі авиациялық көрмелер мен шоуларды тұрақты өткізетін қала. Мұндай ауқымды іс-шараларда апатты жағдайлардың болуы – өте сирек құбылыс.  

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу