Дубайдан Алматы облысына тағы 168 адам ұшып келеді

633

Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылады  

Дубайдан Алматы облысына тағы 168 адам ұшып келеді

Бүгін Дубайдан тағы бір рейспен 168 адам ұшып келеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Ал олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды.

Жолаушылардан облысқа келген бетте COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес арнайы автобустармен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу