Дубайдан Израильге бағыт алған ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонды

Бұған дейін рейстің апаттық сигнал беріп, бағытын өзгерткенін жазған едік. 

Дубайдан Израильге бағыт алған ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонды Фото: Риа Новости

Flydubai әуе компаниясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, FZ1073 рейсін орындаған ұшақ 30 қыркүйек күні таңертең Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук әуежайына шұғыл қонған. 

Алдын ала мәліметке сай, Израильдің қауіпсіздік қызметтері оқиғаға "ұшқыштар арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін" екенін жасырмады. 

Flydubai әуе кемесінің бортында оқиға болғанын растаса да, оның қандай жағдайда және не себепті болғанын әзірге нақтыламады. 

Израиль жойғыш ұшақтарды әуеге көтеріп, премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен армия басшылығы шұғыл кеңес өткізді. 

– Қазіргі уақытта Израиль азаматтарын елге қауіпсіз жеткізу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр, – делінген хабарламада. 

Flydubai жолаушыларды Тель-Авивке жеткізу үшін Табукке қосымша ұшақ жіберетін болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу