Дубайдан келген Қарағандылықтар карантинге жатқызылды

1047

Оқшауланған тұрғындардың арасында ішімдік ішкендерге айыппұл салынады.  

Дубайдан келген Қарағандылықтар карантинге жатқызылды

Дубай-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша елімізге келген ұшақтың ішінде екі Қытай азаматы болған. 4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда ұшақтан түскен,  екі Қытайлық азамат бірден оқшауланып, кейін елдеріне қайтарылған. Ал 5 наурыз күні эпидемиолог мамандар осы ұшақта болған  Қарағанды облысының 23 тұрғынын  оқшаулап, карантинге жатқызған .

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың барлығы Қарағандыдағы провизорлық емдеу мекемесінде жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулығын қадағалап, тексеруде . Алайда осы карантинге жабылған қарағандылықтардың кейбірі ішімдік ішіп қойған. Олардан сараптама үшін қан алған дәрігерлер қарағандылықтардың алкогольдік өнімді тұтынғанын хабарлаған.  Енді карантин режимін бұзғаны үшін оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін хаттама толтырылатын болады.

Бүгін  шыққан сараптама қорытындысына сай, Қытайлық екі азаматтың коронавирус жұқтырмағаны анықталған. Ал әзірге карантинге жатқызылған Қарағандылықтардың денсаулығы бір қалыпты, дене қызулары көтерілмеген әрі тұмау белгілері байқалмаған.

Арайлым Еркебаева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу