Дубайдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

860

2021 жылдың 28 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Дубайдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

28 ақпанда Қазақстанға Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтемемен.

Келген 3 210 жолаушының ішінде 2 481-де ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, ал қалған 729 азамат анықтамасыз келіпті.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз - 340;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 177 жолаушы, анықтамамен - 788; анықтамасыз - 389.

"Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.

Айта кетсек, 27 ақпанында шетелден 473 азамат анықтамасыз келген еді. Олар ПТР-тест тапсырған. Нәтижесінде Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушының коронавирустық инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу