Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

1170

 2021 жылдың 12 ақпанында елімізге халықаралық авиарейстермен 1 945 адам оралды. 

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

12 ақпанында ел аумағына Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

1 945 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 639 адам, анықтамасыз 306 адам келді. 

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы жоқ ел азаматтары COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Ал 11 ақпанында шетелден анықтамасыз 425 жолаушы оралған болатын. 

"Оның ішінде Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу