Алматыдан Дубайға ұшып шыққан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонды. Бұл туралы әуекомпанияның корпоративті коммуникация департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
"Бүгін Алматыдан Дубайға ұшып шыққан КС895 рейсі техникалық ақауға байланысты қайта оралып, сағат 08:33-те әуежайға қонды. Экипаж барлық халықаралық қауіпсіздік тәртіпке сай әрекет етті", – деп жазылған әуекомпанияның баспасөз хабарламасында.
Бортта 133 жолаушы болған. Ұшақ алмастырылып, рейс сағат 10:15-те қайта ұшып шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу