Дудь Ресейдің Әділет министрлігін сотқа берді

690

Шульман да ведомствомен соттаспақ. 

Дудь Ресейдің Әділет министрлігін сотқа берді

Ресейлік журналист әрі блогер Юрий Дудь өз елінің Әділет министрлігін сотқа берді. Бұл ақпарат Мәскеудің жалпы юрисдикция соты сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол әкімшілік шағымын 1 маусымда Мәскеудің Лефортовский аудандық сотына жіберген.

"Істің категориясы – әкімшілік және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын категория", – деп жазылған мәлімдемеде.

Журналистің мұндай қадам жасауына Әділет министрлігінің оны сәуір айында "шетелдік агенттің функцияларын орындайтын шетелдік БАҚ" тізіміне енгізуі себеп болды. Танымал саясаттанушы Екатерина Шульман да осы тізімге енгізілген болатын. 

Шульман осыдан кейін Әділет министрлігінің шешіміне шағымдану мәселесі бойынша адвокаттармен кеңесіп жатқанын айтты. Саясаттанушы министрліктің тізімге неліктен қосқанын білу үшін сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу