Оның биіктігі 17 метрге жуық, шамамен 5 қабатты үймен тең.
Көз тартатын қамалды салу үшін әлемнің әр түпкіріне мықты деген 10 мүсінші жиналған. Сондықтан қамалдан түрлі мәдениеттің белгісі байқалады, деп жазады 24kz.
Қамалды тұрғызу үшін сәулетшілер 3 жарым мың тонна құм жұмсады және биік қамал салуға су мен құмнан өзге ештеңе қоспаған. Осылайша нысан Гиннестің ректордтар кітабына енгізілді. Бұған дейінгі рекорд үндістандық мүсіншілерге тиесілі еді. 7 ай бұрын олар Пури қаласындағы жағалауда құмнан 15 метрлік қамал салған. Айта кетейік, сәулетшілер өткен жылы да Германияда құм қамал салып, рекорд орнатуға тырысқан еді. Алайда ол кезде қамал үгіліп, аяқсыз қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу