Дүйсенбі, 13 ақпанда Астана аумағында терроризм актілерін болдырмау және олардың салдарын жоюға бағытталған терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы шара жоспарлы сипатқа ие екенін және барынша әскери іс-қимылға жақын жаттығу болып табылатындығын Астана қаласы мен тұрғындарының есіне салады. Штабтың күші мен қару-жарақтарының әскери дайындық деңгейін тексеру аса маңызды", – делінген әкімдікке қарасты ситуациялық орталықтың хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу