Дүйсенбіде 45 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды

3352

Ертең, 19 ақпанда Қазақстанның 9 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүйсенбіде 45 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды Фото: liter.kz

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

19-21 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі.

19 ақпанда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 35-39 градус қатты аяз сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23 м/с сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының орталығында, оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

18 ақпанның сағат 21.00-ден 19 ақпанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі.

19-21 ақпанда облыстың облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 21 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 19-21 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 19 ақпанда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу